6 айда темір кенін өндіру 1,5 есе өскен

1726

Қостанай облысында темір кенінің басым бөлігі өндірілген.

6 айда темір кенін өндіру 1,5 есе өскен

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта құндық мәнде темір кенін өндіру көлемі рекорд деңгейге жетіп, 487,6 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал өнеркәсіптік өндіріс индексі – 101,8%. 

Өткен жылғы қаңтар-маусымда кенді өндіру көлемі 207,8 млрд теңге болған.

Темір кенін өндіру көлемінің басым бөлігі Қостанай облысының үлесінде: 461 млрд теңге. Кейін тізімде Қарағанды облысы тұр: 21,2 млрд теңге. Қалған 4 өңірге 5,5 млрд теңге тиесілі.

Заттай мәнде темір кенін өндіру 45,4%-ға немесе 32,1 млн тоннаға өскен. Осылайша, екінші жыл қатарынан салада өсім байқалып отыр (2020 жылы плюс 7%).

Биыл қаңтар-маусымда өндірудің басым бөлігі агломерацияланбаған темір кенінің үлесінде: 19,5 млн тонна. Темір кені концентраттарын өндіру – 6,4 млн тонна, шекемтастар – 3,1 млн тонна, агломерат – 2,8 млн тонна. 

Елімізде агломерацияланбаған темір кені көлемінің 85,1%-ы Қостанай облысына тиесілі (өткен жылғы көрсеткіш – 70%), бір жылда кенді өндіру көлемі 2,2 есе өскен: 16,6 млн тонна.

Қарағанды облысында да айтарлықтай көлемде кен өндірілген:
2,7 млн тонна. Алайда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға аз. Темір кенін өндірудің қалған бөлігі Ақтөбе (210,9 мың тонна) және Түркістан (36,2 мың тонна) облыстарына тиесілі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу