Салада қызметтер көрсету көлемі 2 жыл қысқарғаннан кейін биыл 6 айда өсім көрсеткен – 17,9 млрд теңге.
Шымкентте 217 млн теңге көлемінде қызмет көрстетілсе, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш – 2,8 млрд теңге. Сондай-ақ Алматы (2 млрд теңге), Түркістан (1,5 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (1,5 млрд теңге), Жамбыл (1,4 млрд теңге) облыстары мен Алматы қаласына (1,4 млрд теңге) айтарлықтай деңгейде қызмет көрсетілген.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 өңірдің 13-інде өсім байқалған. Ветеринарияда қызмет көрсету көлемі Маңғыстау (-3,4%), Түркістан (-10,1%), Жамбыл (-28,9%) облыстарында және Шымкент қаласында (-23,7%) азайған.
Бірінші жартыжылдықта ауылдарда ветеринариялық қызмет көрсету көлемі артып, 8,5 млрд теңгеге жетті, бұл рекордтық мән болып саналады. Қызметтердің жиынтық көлеміндегі ауылдың үлесі – 47,5%, 2020 жылғы көрсеткіш 48,4% еді.
Дәурен Ерболат