2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасында 404916 жеңіл автомобиль тіркелді. Өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 5,4%-ға кеміген.
ҰЭМ статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3687,6 мың бірлікті құраған.
"Биылғы жылғы қаңтар-маусымда 9437 адам зардап шеккен 6743 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,9%-ға кем. 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 14,5 млрд теңге сомасына 37672 сақтандыру төлем жүзеге асырылды", – делінген комитет ұсынған деректе.