6 ақпанда Respublica партиясының съезі өтеді

478

Партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров кезектен тыс І съезді шақыру туралы қаулыға қол қойды.

6 ақпанда Respublica партиясының съезі өтеді

Съезд жұмысына барлық өңірден партия мүшелері қатысады. Шарада Respublica партиясының жаңартылған жарғысы таныстырылып бекітіледі.

Сонымен қатар партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға дауыс беру өтеді.

"Қазір Орталық аппарат партияның аймақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Республика тарихындағы маңызды партияішілік іс-шаралардың бірі – кезектен тыс бірінші съезге  дайындық жұмыстарын жүргізуде. Съезді аясында біз өзіміздің негізгі идеяларымыз бен ұсыныстарымызды көпшілікке жеткізетін боламыз", - деп атап өтті Айдарбек Ходжаназаров.

Respublica – мемлекеттің түрлі салаларын қалпына келтіруге ұмтылатын белсенді азаматтарды біріктіретін жаңа партия. Оған қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері мүшелік етеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, "Олжа Агро" серіктестігінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров партия төрағасы болды. Тең төрағалар – кәсіпкерлер Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу