6 ақпаннан бастап QAZAQ AIR компаниясы Жезқазғаннан Қарағандыға дейін субсидияланған рейстерді ұшыра бастайды, деп жазады inbusiness.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Рейстер дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері жаңа de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалады.
Дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 439 Жезқазған 11:10 – Қарағанды 12:10
IQ 440 Қарағанды 12:50 – Жезқазған 13:50.
Бейсенбі күндері:
IQ 439 Жезқазған 14:50 – Қарағанды 15:50
IQ 440 Қарағанды 16:30 – Жезқазған 17:30.
Ақпаратқа сәйкес, авиабилет құны 10 000 теңге болады деп көрсетілген.
"Бағаға 5 кг-ға дейін қол жүгі мен 20 кг-ға дейін багажды тасымалдау кіреді. Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі", - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.