Алматы облысы Қарғалы ауылының тұрғындары осылай дейді.
Сөздерінше, 2022 жылы - 4, өткен жылы - 7, ал биыл 8 көше салыну керек болған. "Оның ешқайсысын көрмедік" - дейді шыдамы таусылған жұрт.
Тіпті, өткен жылдарға қаржы да бөлініп қойыпты. 40 мың халқы бар ауыл тұрғындары жазда шаң жұтып, күз бен қыста лай батпаққа батып отырған көрінеді.
"Әкіммен кездесуде көше мәселесін көтерсек, ешқандай жауап жоқ", - дейді ашынған ағайын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу