6 денсаулық сақтау нысаны негізгі қызметіне кірісті

631

343 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. 

6 денсаулық сақтау нысаны негізгі қызметіне кірісті

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың мәлімдеуінше, елордадағы ауруханаларға пневмониямен түскен науқастардың саны 7 есе азайды.

"Стационарлардағы коронавируспен ауырған науқастардың саны 2000-нан 137-ге дейін, пневмониямен ауырғандардың саны 1333-тен 198-ге дейін 
қысқарды, – деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, КВИ-мен күресуге жұмылдырылған денсаулық сақтау нысандарының саны қысқартылып жатыр. Осы уақытқа дейін 6 денсаулық сақтау нысаны кезең-кезеңімен жабылып, негізгі қызметіне кірісті. 

"Эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда олардың жұмысы жедел қалпына келтіріледі. КВИ анықталған жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін 18 маусымнан бастап 185 төсекке арналған № 1 қалалық ауруханада акушерлік блог қызмет көрсетеді. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу