6 елдімекендегі 215 тұрғын үйдің ауласына су кіргені анықталды

902

Түркістан облысында өзен суы арнасынан асып, төрт аудандағы тұрғын үйлерді су шайып кетті.

6 елдімекендегі 215 тұрғын үйдің ауласына су кіргені анықталды

Түркістан облысындағы таулы аудандарда өзен сулары арнасынан асып, төрт аудандағы тұрғын үйлерді су шайып кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Табиғи апаттан әсіресе Төлеби ауданындағы бірнеше ауыл зардап шекті. Топан су Жоғарғы Қасқасу ауылындағы төрт көпірді қопарып кеткен. Беймезгіл уақытта келген апаттан Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек ауданындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Түркістан облысында аудандарды су басу жағдайы бойынша шұғыл штаб құрылып, селден зардап шеккен аумақтарда су сору жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге Төлеби ауданындағы 6 елдімекендегі 215 тұрғын үйдің ауласына су кіргені анықталды. Сондай-ақ, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарында да осындай жағдай қалыптасқан.

Жергілікті биліктің айтуынша, Төлеби ауданында тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс саналып отыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан және тұрғындары эвакуацияланған үйлерді полиция қызметкерлері күзететінін жеткізді. Осы мәселеге орай облыста брифинг ұйымдастырылып, құтқару шараларының барысы айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу