Krisha.kz сайтының мәліметінше, наурызда 6 қалада пәтерлер арзандаған. Бір айда Өскемен мен Қызылордада баға 0,4 пайызға, Алматы мен Астана қалаларында 0,3 пайызға, ал Шымкент пен Қостанайда 0,2 пайызға төмендеген. Қалған 11 шаһарда кішігірім өсім байқалады. Айта кетейін, елімізде баспана ең қымбат қала - Алматы. Мұнда шаршы метр құны орта есеппен 712 мың теңге, елордада – 482 мың, ал ең арзан пәтерлер Қызылордада. Сыр еліндегі шаршы метр құны 238 мың теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу