6 қалада қоқысты қайта өңдеу зауыттары іске қосылады

810

6 қалада қоқысты қайта өңдеу зауыттары іске қосылады

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің экологиялық мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.

Биыл Қазақстанда "ластаушы төлейді – түзейді" қағидаты бекітілетін жаңа Экологиялық кодексті қабылдау көзделген. Бұл жаңа реттеу жүйесі аясында өндіріске жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге жол ашады. Жұртшылықпен экологиялық проблемаларды талқылау қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңірінде экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі өңірлік жол карталары бекітілді. 

"Оларды іске асыру, озық технологияларды енгізу, жаңа экологиялық кодекстің нормаларын орындау 2024 жылға қарай атмосфераның ластану индексін төмендетуге және жалпы алғанда еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін ҚР-дағы орман аумағын 500 мың гектарға ұлғайтып, 2 млрд астам ағаш отырғызу жоспарланған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Тараз қалаларында қоқысты қайта өңдеу зауыттарының 6 пилоттық жобасы іске қосылады, бұл кемінде 200 млрд теңге жеке инвестиция тартуға және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 30%-ға дейін жеткізуге жағдай жасайды. Елдегі экологиялық жағдайды жақсарту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған басым міндеттерінің бірі", – деді Асқар Мамин. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу