Beeline компаниясы Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында мобильді интернет қызметі шектелгенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз адамдар Beeline-ға тиесілі талшықты-оптикалық кабельге зақым келтірген. Бүгінде ұялы байланыс операторының инженерлері байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп жазылған компания таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу