6 қаңтардан бері елімізге 30 мың 436 адам келген

764

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

6 қаңтардан бері елімізге 30 мың 436 адам келген

6 қаңтар – 4 ақпан аралығында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда және теміржол вокзалдарында 21838 жолаушыны тексерді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

"ЖРВИ белгілерімен 110 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 80-і жазылып шықты, қазір стационарларда медициналық бақылауда 30 адам қалды",– делінген коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасы қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу