6 қап марихуана сақтаған ақтаулық азаматтар 10 жылға сотталды

584

Үкім заңды күшіне енді.

6 қап марихуана сақтаған ақтаулық азаматтар 10 жылға сотталды

Ақтау қаласы "Промзона" өндірістік аумағында 2 азамат көлікте 6 қап мариxуана сақтаған, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

О. және К. есімді азаматтардың Mersedes Benz автокөлігінің жүксалғышы мен салонынан ірі мөлшерде марихуана есірткі заты салынған 6 қап алынған. Оның ішінде 139 кг 295 гр есірткі болған. 

Аталмыш қылмыстық іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Кеше ҚР  ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3- тармақтары ("Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау") бойынша сот үкімі шықты.

Сот шешімімен О. және К. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу