6 қазақстандық мұнай компаниясына өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойылды

857

"ҚазТрансОйл" АҚ мен "Транснефть" ЖАҚ келісім жасады.

6 қазақстандық мұнай компаниясына өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойылды

"ҚазТрансОйл" АҚ мен "Транснефть" ЖАҚ кондициялық емес мұнай үшін қазақстандық мұнай компаниясына өтемақы төлеу туралы қорытынды келісімге қол қойды. Бұл туралы "ҚазТрансОйл" баспасөз қызметі хабарлады.

"Дужба" магистральдық құбыр жүйесінде 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында 38 қазақстандық мұнай компаниясының 699 мың тоннаға жуық мұнайының ластануына байланысты оқиғаны реттеу аясында осы компаниялардың атынан сөйлеген "ҚазТрансОйл" АҚ "Транснефть" ЖАҚ-пен кондициялық емес мұнай үшін қалған 6 қазақстандық мұнай компаниясына өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін өтемақы төлеу туралы ұқсас келісімдер 32 қазақстандық мұнай компанияларының мүддесі үшін жасалған болатын, оның ішінде "Транснефть" ЖАҚ тарапынан 14 компанияға төлем жасалды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында тасымалданған мұнайда хлорорганикалық қоспалардың жоғары шоғырлануына байланысты "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде төтенше жағдай орын алған еді. Бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілері үшін кондициялық емес мұнай тиеуге әкеліп соқтырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу