6 компания құрып, жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан күдікті ұсталды

660

Салдарынан бюджетке 1 миллиард теңгеден астам салық түспеген.

6 компания құрып, жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан күдікті ұсталды

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам түспеген", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу