6 компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілді

159

Бұл аукционды аталған ведомство 2024 жылғы 11 қыркүйекте жариялаған.

6 компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілді Фото: Энергетика министрлігі

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукционның қорытындысы жарияланды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мына компаниялар жеңімпаз болып танылды:

1. Атырау облысындағы Қиғаш учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401096) - "Pro Explore Mining Co., Ltd." жеке компаниясы;

2. Ұлытау облысындағы Бестақыр учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401097) – "Sozak Oil and Gas" акционерлік қоғамы;

3. Атырау және Маңғыстау облыстарындағы Азнагүл учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401103) - "Astana Guangming Mining Co., Ltd." жеке компаниясы;

4. Ақтөбе облысындағы Батыс Жарқамыс II учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401098) – "HarmonyOre Mining Co., Ltd." жеке компаниясы;

5. Атырау облысындағы Құлсары кен орнындағы көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401104) – "Kazakhstan Zhonghengyongsheng Energy Co., Ltd." жеке компаниясы;

6. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы Шыңғыс-Телсу кен орнындағы көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша (401101) – "RV-Oil&Gas" ЖШС-і.

Айта кетейік, елімізде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру 4 жылдан бері электрондық аукцион арқылы жүзеге асырылып келеді.

Бұл "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске аукциондарды электронды форматта өткізуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізуге байланысты мүмкін болды.

Егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға белгілі бір қолайсыздықтар туғызса, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға аукциондарға онлайн тәртіпте қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу