6 мамырда Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтады

314

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті. 

6 мамырда Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін айтады Фото: jogargy_sot

Азаматтық некедегі әйелін азаптап өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен қылмысты жасырып қалды деген айып тағылған Бақытжан Байжанов 6 мамырда сотта соңғы сөзін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, бүгін сот жарыссөзінде айыпталушылар сөз сөйлеп, одан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Содан кейін сот алқабилердің қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті.

Жарыссөздің екінші бөлігінде тараптар сотталушылардың әрекеттерінің саралануы, жаза тағайындау және азаматтық талап қою бойынша өз ұстанымдарын ортаға салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу