6 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жауады

211

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 6 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

6 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жауады Фото: inbusiness.kz

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады; түнде елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстікте, елдің орталығында жауын-шашын болмайды. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта – тұман.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысында 1-6 градус үсік сақталады, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысыныңшығысында, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу