Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 446,89 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы долларға 448,64 теңгені құрайды.
kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 445,84 теңгені, сатылымы 447,14 теңгені құрап отыр.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,21 теңгеден сатып алынып, 449,20 теңгеден сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу