Додаға қатысқандар Парижде мәре сызығын кесті. Ерекшелігі - сайысқа мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып отыр. Бәрі де велосипедпен Еуропаны шарлап шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Бір ай ішінде марафоншылар 6 мемлекетте болып, 30 қаланы аралаған. Ал жарыстың соңғы күнінде Франция астанасында спортшыларды қазақстандық және жергілікті дипломаттар күтіп алды.
"Бұл жарысқа мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып отыр. Олар өзге адамдарға үлгі болды деп ойлаймын. Бәрі де жақсы нәтиже көрсете білді. Марафон Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналып отыр", - дейді Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу