"6 минут бойы тоқтаусыз ұрған": Алматыдағы балабақшада бір бүлдіршін екінші бір бүлдіршінді соққыға жыққан

248

Тергеу амалдары жүріп жатыр. 

"6 минут бойы тоқтаусыз ұрған": Алматыдағы балабақшада бір бүлдіршін екінші бір бүлдіршінді соққыға жыққан Фото: бейнеден скриншот

27 шілде күні Алматы қаласының №47 балабақшасында ұл баланың қызды ұрып жатқаны бейнекамераға түсіп қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кадрлардан белгілі болғаны ұл бала қызды 6 минут бойы бетінен ұрған.

Ата-ананың айтуынша, қыздың беті, ерні ісіп, көгеріп кеткен. Ауыз қуысында үлкен гематома пайда болыпты. Беттің оң жағы мүлде қозғалмай қалған. Өйткені ісініп, жансызданған.

Түскі ұйқы кезде тәрбиеші әдістемелік іс-шараларға құжаттарды дайындағандықтан бөлмеде болмаған. Күтуші балалар жатқан бөлмеге 30 минуттан кейін келген. Тәрбиеші мен оның көмекшісіне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу