6 мың шақырым жол салынады

736

Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Асқар Мамин осылай деді. 

6 мың шақырым жол салынады Фото: Максим Морозов

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және көлік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 6 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылады. Ақы алу жүйесі 5,8 шақырым жолға енгізіледі", – деді үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, қазір көрші елдермен темір жол легін өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс атқарылып жатыр. 

"Қазақстан-Қытай және Қазақстан-Өзбекстан бағыттары бойынша темір жол легін өткізу қабілетін арттыру және "тар орындарды" алып тастау үшін Достық-Мойынты, Мақтарал-Дарбаза және Алматы стансасын айналма учаскелерге арналған темір жолдарды салу және жаңғырту жұмысы басталады", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу