Түркістан облысының Төлеби ауданындағы 1200-ден астам түтіні бар Зағамбар ауылына 2018 жылы мемлекеттен 360 млн теңге бөлініп, құбыр тартылған. Бірақ жұрт оның қызығын бір жарым ай ғана көрген. Көп ұзамай, миллиондаған қаржы жұмсалған ұңғымадан су шықпай қалыпты. Бір қызығы, құбырға геологиялық зерттеу жүргізген мекеме 27, ал құбыр тартқан мердігер 5 жыл кепілдік берген. Бірақ жауаптылар жауапсыздық танытты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу