6 мың тұтынушыға заңсыз есептелген төлемдер жойылды

325

Прокуратура көрсетілмеген қызметтер үшін заңсыз есептелген төлемдерді жойды.  

6 мың тұтынушыға заңсыз есептелген төлемдер жойылды Фото: help.hvylya.net

Жетісу облысының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдықорған қаласының прокуратурасы жүргізген талдау барысында "РЦКУ-Талдықорған" ЖШС қызметінде халыққа қызмет көрсету кезінде заңнаманы жүйелі түрде бұзу фактілері анықталған.

Прокуратура мәліметінше, серіктестік үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары нақты орындалмағанына қарамастан, ол үшін тұрғындарға тұрақты түрде төлем есептеп отырған. Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтерді жасыру мақсатында тұрғындардың атына жалған орындалған жұмыстар актілері рәсімделген.

Қадағалау актісінің нәтижесінде нақты көрсетілмеген қызметтер үшін 6 мың тұтынушыға есептелген төлемдер жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура әлеуметтік маңызы бар салалардағы заң бұзушылықтардың жолын кесу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстың жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу