Италияны көрмек болған 6 мың жолаушы мінген круиз лайнері жолынан қалды. Ондағы адамдар 2 тәулік бойы жіпсіз байланып отыруға мәжбүр. Себебі көлік ішінде 750 Қытай азаматы болған, деп хабарлайды Atameken Business.
Қытайлықтарды көріп күдіктенген дәрігерлер олардан анализ алып, оны Римдегі зертханаға жіберіпті. Енді оның нәтижесі келгенше, кемедегі 6 мың жолаушы ешқайда жіберілмейді.
Миланға 25 қаңтарда ұшып келген қытайлар Савона арқылы круизге мініп, бүгінге дейін Марсель, Барселона, Пальма-де-Майорканы көріп үлгеріпті. Туристердің ішінде аяғы ауыр келіншектер мен жас балалар да бар.