6 мыңға жуық адам Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындағанына қарсылық ретінде Индонезияның бас қаласындағы АҚШ елшілігін қоршап алды, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан.
"Біз өз қарсылығымызды білдіру үшін осында жиналдық. Әлемнің көптеген халқы Трамптың шешіміне қарсы деп есептейміз", - деді Джакартадағы қарсылық акциясында Индонезиядағы исламдық "Әділдік пен гүлдену партиясының" президенті Сохибул Иман.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу