6 мыңға жуық қарағандылық жастар волонтерлер форумының жабылу салтанатына жиналды

101

Іс-шараға қатысқан Қарағанды облысының жастары Ата Заңда көрініс тапқан негізгі қағидаттарды қолдайтынын білдірді. 

 6 мыңға жуық қарағандылық жастар волонтерлер форумының жабылу салтанатына жиналды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

2026 жылғы 13 наурызда Қарағанды қаласындағы "Жастар" спорт кешенінде Халықаралық волонтерлер жылына арналған волонтерлер форумының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауқымды шараға Қарағанды облысынан 6 мыңға жуық адам қатысты. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев сөз сөйледі. Сондай-ақ  волонтерлік ұйымдардың өкілдері, белсенді жастар, қоғам қайраткерлері және әлеуметтік жобалардың бастамашылары болды. Олардың қатарында волонтерлік ұйымдардың өкілдері, белсенді жастар, қоғам қайраткерлері және әлеуметтік жобалардың бастамашылары болды.

Форум еріктілер қозғалысының қоғам дамуындағы рөлін талқылауға, пікір алмасуға және жаңа идеялар ұсынуға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңына айналды.

Іс-шараға қатысқан Қарағанды облысының жастары Ата Заңда көрініс тапқан негізгі қағидаттарды қолдайтынын білдірді. Атап айтқанда, адами капиталды дамыту, отбасы мен әлеуметтік бастамаларды қолдау, жеке меншік құқығын қорғау және жастардың әлеуетін ашуға бағытталған идеялар жастар тарапынан кең қолдау тапты.

Сондай-ақ спикерлер жаңа Конституцияда қоғам өмірінің маңызды бөлігі ретінде волонтерлік қызмет пен қайырымдылықты дамытуға ерекше мән берді.

Форум қатысушыларының айтуынша, бүгінгі таңда волонтерлік – тек қайырымдылық акцияларына қатысу ғана емес. Бұл – ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың жаңа буыны қалыптасатын азаматтық кемелдік мектебі.

Сондықтан қарағандылық жастар алдағы референдумды мемлекеттің дамуы жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырады. Шара қатысушыларының пікірінше, өз ұстанымын білдіріп, елдің Ата Заңын қабылдау үдерісіне үлес қосу – Қазақстанның болашағына ықпал етудің зор мүмкіндігі.

Салтанатты рәсім қазақстандық танымал орындаушылар Айқын мен BAYANSULU қатысқан мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Шара соңында өңірдің белсенді жастары азаматтық жауапкершілік танытып, жалпыхалықтық референдумға қатысатынын нық сеніммен айтты.

Олардың айтуынша, ел болашағы бүгін қалыптасады. Сол себепті әрбір дауыс маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу