6 мыңнан аса валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

1092

2019 жылғы 10 ақпанда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 53,6 млрд теңге сомаға 6 361 өтінімді мақұлдап, 38,6 млрд теңге сомаға 4 917 қарызды қайта қаржыландырды. 

 6 мыңнан аса валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 6 361 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық банкінің әлеуметтік бағдарламаларының бірі – ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Аталған кезеңдегі қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлді. 
2019 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде банктер 161,1 млрд теңге сомаға 26 021 қарызды мақұлдап, 141,1 млрд теңге сомаға 24 195 қарызды қайта қаржыландырды. 

Ал бағдарламаның екінші бөлігінде бас банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

2019 жылғы 10 ақпанда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 53,6 млрд теңге сомаға 6 361 өтінімді мақұлдап, 38,6 млрд теңге сомаға 4 917 қарызды қайта қаржыландырды. 

Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ғана ұзартылды, қарыз алушының/қоса қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдені қоса алғанға дейін белгіленді. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша қарыз алуға 102,2 млрд теңге сомаға 8 939 өтініш қабылданды. Оның ішінде 61,2 млрд теңге сомаға қарыз беруге 5 181 өтініш мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу