6 мыңнан астам шаруа жеңілдетілген несие алды

161

Былтыр қарашадан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру мақсатында шаруалардан өтінім қабылдана бастаған болатын. Осы арқылы шаруалар қаржыға ерте қол жеткізіп, тұқым тыңайтқыш және техникалар сатып алуға мүмкіндік алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

6 мыңнан астам шаруа жеңілдетілген несие алды Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жалпы 700 млрд теңгеге дейін қаражат бағыттау көзделіп отыр. Оның ішінде шамамен 560 млрд теңге нарықтық капитал көздерінен тартылуда.

Бүгінге дейін 6 100 ауыл шаруашылығы өндірушісі жалпы сомасы 382,5 млрд теңгеге қаржы алған. Жалпы 480,5 млрд теңгеге 7 мыңға жуық өтінімнен тұратын пул қалыптасты. Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қаржылық ресурстарға барынша жеңілдетілген әрі қолайлы шарттармен қол жеткізіп отыр.

Бағдарламаға қатысушылардың аясын кеңейту мақсатында несие рәсімдеп, оны өтеуге жүгінуге болатын қаржы институттарының қатары ұлғайтылды.

"Аграрлық несие корпорациясы" жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен "Кең дала 2" бағдарламасы аясында қаржыландыруды жалғастыруда.

Қаржыландыру процесіне Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары белсенді ат салысуда. Осы өңірлік құрылымдар арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға 165,3 млрд теңге бөлінген.

Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру мақсатында несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру тетігі іске асырылуда. 2025 жылдың өзінде жалпы сомасы 159 млрд теңгені құрайтын несиелерге 135,2 млрд теңгеге 943 кепілдік берілді. Бұл кепілдіктерді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы жалғасуда. Биыл жалпы қаржыландыру лимиті – 200 млрд теңге. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 6 000-нан астам отандық техниканы сатып алуға мүмкіндік бермек.

Қазірг 120 млрд теңгеге 3 200 өтінім қабылданса, 60,7 млрд теңгеге 3 435 техника сатып алуға 1 823 шарт жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу