6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

629

Жұмада еліміздің алты өңірінде тұман түсіп, күн күркіреп, қатты жел тұрады деп болжанады.

6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: pixabay.com

28 сәуірде 6 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысыныңсолтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, кей тұста 28 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 25 м/с құрайды. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнауы ықтимал. Облыстың таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу