6 облыста экономикалық өсім бар – Асқар Мамин

1665

Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды.

6 облыста экономикалық өсім бар – Асқар Мамин

2019 жылғы қаңтар-мамырда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 486 мың теңгені құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы мәнінде 10,8%-ға, нақты мәнінде 1,7%-ға өсті. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында ЖІӨ өсімі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% құраған.

"Құрылыста – 11,8%, саудада – 7,6%, көлік саласында – 5,5%, ауыл шаруашылығында – 3,6%, байланыс қызметінде – 3,4%, өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде машина жасауда – 18%, жеңіл өнеркәсіпте – 17,4%, түсті металдарды өндіруде – 17,9%, мұнай өңдеу 6,2% оң өсім динамикасы байқалды", – делінген ҰЭМ статистикасында.

Үшінші ай қатарынан инфляция 0,2% төмен деңгейінде сақталды. Жылдық инфляция мақсаттық дәліз шегінде тұр және 5,5% құрады.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин негізгі көрсеткіштер бойынша экономикалық өсім Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалатынын атап өтті.

Үкімет басшысы Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында құрылыс, инвестициялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштерінің төмендеуіне қатысты жағдайды қысқа уақыт ішінде түзеуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу