6 облыста жол қозғалысына шектеу қойылды

157

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 741 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

6 облыста жол қозғалысына шектеу қойылды Фото: dknews.kz

2026 жылғы 26 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 6 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы);
  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-1153 шақырым аралығы ("ЭКО Ойл" ЖЖС – Ырғыз ауылы).

Жамбыл облысы:

  • "РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 159-238 шақырымы аралығы (Кенен ауылы – Қайнар ауылы);
  • "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 750-893 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы).

Қарағанды облысы:

  • "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 738-750 шақырым аралығы (Сарышаған кенті – Жамбыл облысы шекарасы).

Ұлытау облысы:

  • "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы).

Қызылорда облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1912 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Бәйгеқұм ауылы);
  • "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы);
  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1912-2055 шақырым аралығы (Бәйгеқұм ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін).

Түркістан облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 2055-2095 шақырым аралығы (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу