6 өңір әлі де "қызыл" аймақта

705

2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.

6 өңір әлі де "қызыл" аймақта

Елімізде өткен тәулікте 1756 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша індет басталғалы науқастанғандар саны 346 497-ге жетті. Олардың 301 857 жазылған.

COVID-19 көп тіркеліп жатқан "қызыл" аймақтар қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

Ал "сары" белдеуде Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде алғанда жақсарған Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақтар қатарына қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу