6 өңір әлі де "қызыл аймақта"

654

13 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.

6 өңір әлі де "қызыл аймақта"

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың хабарлауынша, елімізде 2 мегаполис пен 4 өңірде коронавирус жұқтыру көрсеткіші әлі де төмендеген жоқ. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Жағдай аздап тұрақты, бірақ індеттің өршу ықтималдығы жоғары "сары" аймақтарда: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл аймақта". Бұл өңірлерде эпидаухуал салыстырмалы түрде алғанда жақсарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу