Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ сақталады, тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысында тұман болады.