6 сәуірден бастап мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді

1471

"Ел арна" мен "Балапан" телеарналарында арнайы қосымша сабақтар ұйымдастырылады. 

6 сәуірден бастап мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді

2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру тетіктерін пысықтауда. Бұл туралы барлық жаңалықты жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе үкіметтің құзыретінде. Біз барлығын алдын ала хабарлаймыз", – деді министр.

Бұдан бөлек министр қосымша шара ретінде "Ел арна" мен "Балапан" телеарналарында арнайы сабақтар ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

"Екі арнадан арнайы видео-сабақтар көрсетіледі. Бірақ бұл негізгі емес, қосымша шара. Осыны айта кеткім келеді. "Балапан" телеарнасынан – қазақ тілінде, "Ер арнадан" - орыс тілінде", – деді министр.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай енгізілгеннен бері мектеп оқушылары каникулға жіберіліп, колледждер мен ЖОО-ның студенттері қашықтықтан білім алуға ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу