6 соғыс ардагеріне автокөлік табысталды

790

6 соғыс ардагеріне автокөлік табысталды

ОҚО Созақ ауданында Жеңістің 73 жылдығына орай 6 майдангерге автокөлік табысталды. Жаңа нива автокөліктердің кілтін Жеңіс күні мерекесіне арналған шарада аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан орталығы Шолаққорғанда өткен мереке жалпыхалықтық шерумен бастау алып, жиылған жұртшылық "Белгісіз сарбаз" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыс сарбаздарының рухына тағзым етті.

Бұл ауданнан 6 мыңдай азамат отанын қорғауға аттанса, олардың жартысынан көбі соғыс даласында қаза тауып, елге оралмады. Бүгінде ауданда 6 соғыс ардагері ғана бар.

Ардагерлерге уран өндіретін "Катко", "Инкай" компаниялары қаржылай сыйлық ұсынды. Мереке күндері ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне де аудандық бюджеттен қаржылай сыйлық табыс етілді.

Меркелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу