6 заң қабылдау жоспарлануда

912

Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды.

 6 заң қабылдау жоспарлануда Фото: primeminister.kz

Бүгін үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі "Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатты ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов таныстырды. 

Жоба 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұрады. 

Соның ІІ бағыты – "Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету". Бұл бағыт бойынша сот шешімдерінің мониторингі мен судьяларды бағалауды енгізу, "Сот практикасының сандық аналитикасы" жүйесін сынақтан өткізу, озық халықаралық тәжірибе негізінде әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру бойынша 15 іс-шара іске асырылатын болады. 

Әлихан Смайловтың айтуынша, жеке адамға қарсы бірқатар ауыр қылмыстарды, браконьерлікті қатаңдату, әкімшілік әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар енгізу, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін арттыру бойынша 6 заң қабылдау жоспарлануда.

"2020 жылдың соңына дейін Қарулы Күштер мен әскери құрылымдарды дамыту тұжырымдамасы жаңа редакциясында қабылданады", – деді бірінші вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу