Жас "Қажымұқандар" өсіп келеді. Amir Makhmet есімді азамат өзінің фейсбуктегі парақшасында балуан бала туралы видеомен бөлісті.
"Бүгін "Денсаулық күніне" орай біздің ауылда, қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың туған жерінде 6 жасар Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метр қашықтыққа тартып, рекорд орнатты. Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Ол мені өзінің ағасындай көріп, үнемі жақын тартып жүреді. Мен мұны мақтан тұтамын. Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе! Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан атамыздай балуан бол! Аллам өзіңді қолдасын!", - деп жазды ол.