Алты жасар Хадия Кунаева Қазақстан Президентінің атынан сыйлық алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Мемлекет басшысының сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов табыс етті. Ол бұл туралы 3 желтоқсанда Instagram парақшасында мәлімдеді. Сондай-ақ қыздың жаттықтырушысы, кішкентай жеңімпазды әкесі — спортшы Самат Кунаев екені белгілі болды.
"Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын отбасы — спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың үлгісі", – деп атап өтті өңір басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу