6 жасар жиенін өлтірген шымкенттік әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды

319

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

6 жасар жиенін өлтірген шымкенттік әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: canva.com

Іс Шымкенттегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында ашық сот отырысында қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.                

Әйелге Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлімі "Кәмелетке толмаған адамды өлтіру" бойынша айып тағылды.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың маусым айында болған. Қала тұрғыны әпкесінің қызы екеуі Ақпан батыр көшесіндегі жалға алынған пәтерде болған.

"Жиені Е (2018 жылы туған) оянып, жылай бастаған кезде, айыпталушы ашуланған. Әйел баланың қолы мен аяғын байлап, ұрып-соққан. Салдарынан бала есінен танып қалған. Кейін айыпталушы ваннаны суға толтырып, жиенін суға батырып өлтірген. Осылайша, қасақана кісі өлтіру қылмысын жасаған", – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Прокурор әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі айыпталушыны кешіріп, қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот К.-ны кінәлі деп тауып, оны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын орта қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу