6 жасар қызды зорлау дерегімен 9-сынып оқушысы қамаққа алынды

Қылмыстық істің тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауында. 

6 жасар қызды зорлау дерегімен 9-сынып оқушысы қамаққа алынды Фото: pixabay.com

Азғындыққа барған оқушы бұған дейін де теріс қылығымен көзге түскен деген ақпарат бар. 
Әлеуметтік желі қолданушылары күдіктінің толық емес отбасынан шыққанына басымдық беруде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдар Қасанов жаға ұстатарлық жайтқа қатысты видеотүсініктеме берді. 

"Аталған жайт бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен 2024 жылы 10 ақпан күні қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Қылмыстық істің тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауында. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - дейді ол.

Қоғам тарапынан ел естімеген сұмдыққа "Ата-анасы да жауапкершілік арқалауы тиіс", "Бала емес, бәле ғой", "Бұған дейін теріс әрекетін байқаса, мектеп неге ертерек дабыл қақпаған?" деген секілді пікірлер жазылып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу