Ақмола облысында полицейлер алты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоғалған 40 жастағы Астана тұрғыны Қорғалжың ауданы Шалқар ауылында болған.
2018 жылы жазда оның әпкесі Астана полициясына жүгінген. Әйел ағасының үйден шығып кеткенін және оралмағанын айтқан. Ер адамды астаналық қана емес, облыстағы полицейлер де іздестірді.
"Оған мемлекетаралық іздеу де жарияланды", - делінген ІІМ хабарламасында.
Ер адам бірнеше ай бұрын келген жеке үйлердің бірінен табылған. Қазір неге ұзақ уақыт хабарсыз кеткенінің себептері анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу