6 жыл жасырынып жүрген күдікті Ресейден экстрадицияланды

178

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

6 жыл жасырынып жүрген күдікті Ресейден экстрадицияланды Фото: sarbaz.kz

Бас прокуратура сот үкімін орындау үшін Ресей Федерациясынан сотталған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан.

66 кг марихуана мен 8 кг гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталды.

Кейін прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

Сол уақыт ішінде аталған адам қылмыстық жазадан құтылу мақсатында соттан бой тасалап, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланып, 6 жылдан астам уақыт жасырынған.

Өткен жылдың желтоқсанында іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу