6 жылда 600 жаңа вагон сатып алынады

1162

Жылжымалы паркті жаңартуға 657 млрд теңге жұмсалады.

6 жылда 600 жаңа вагон сатып алынады

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында теміржол көлігі саласында қандай жобалар жүзеге асырылатынын айтты. 

"Теміржол көлігі саласында 2025 жылға қарай магистральдік теміржол желісінің тозуын 49%, локомативтердің тозуын 58% төмендету жоспарланып отыр. Жолаушы тасымайтын вагондардың тапшылығын қысқарту үшін 6 жылда 600 вагон сатып алынады. Биыл 50 вагон алу үшін бюджеттік несиеге 20 млрд теңге бөлінді", – деді министр. 

Оның сөзінше, жылжымалы паркті жаңартуға 657 млрд теңге жұмсалады. Қомақты қаржының 455 млрд теңгесі жеке инвестиция болады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу