6 жылда Ұлттық компания директорларының жалқасы 55 есе өскен

948

6 жылда Ұлттық компания директорларының жалқасы 55 есе өскен, деп хабарлайды Atameken Business.  

6 жылда Ұлттық компания директорларының жалқасы 55 есе өскен

2020 жылғы бюджетке ревизия жүргізген Есеп комитеті осындай тексеру қорытындысын жариялады. Оған қарағанда, мұндағы еңбекақының шекті өсімі шетелдік мамандардың, яғни жалдамалы топ-менеджерлердің үлесінде болған. Әрі бонустар мен сыйақының мөлшері KPI талаптарына сәйкес келмеген. Мемлекеттік аудитор, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың өз штаттарында арнайы маманның барына қарамастан қосымша сырттан кеңесшілер де жалдап келгенін анықтапты. Тағы бір әшкерленген жайт – ұлттық компаниялардың экономикаға қосып жатқан үлесінің соңғы уақытта тым төмен болуы. Мәселен, осындай қара тізімге "Самұрық-Қазына", "ҚазАгро" және "Бәйтерек" кірген. Олардың экономикаға қосқан үлесі тек 12%-ды ғана құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу