60 елордалық жұмыс беруші білім саласында қызметкерлер іздестіруде

956

60 елордалық жұмыс беруші білім саласында қызметкерлер іздестіруде

4 тамызда "Жастар" сарайында білім саласында бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz

Шараға 60 жұмыс беруші шақырылды, олар 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Оған қоса Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.

Оның мақсаты – елорда тұрғындарын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру. 
Бос орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу