17 мамыр күні елордада "Жастар" сарайында бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Астана қалалық жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, шараға 60-қа жуық жұмыс беруші қатысып, барлық салада бос жұмыс орындарын ұсынады.
Айта кетейік, жыл басынан бері төртінші жұмыс жәрмеңкесі 10:00-де басталып, 13:00-ге дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу