60 кәсіпорынның жұмыскерлер алдындағы қарызы 1,24 млрд теңгені құрады

514

Жұмыскерлер алдындағы ең көп берешек Абай облысында тіркелген. 

60 кәсіпорынның жұмыскерлер алдындағы қарызы 1,24 млрд теңгені құрады

14 қазандағы деректерге сәйкес, республиканың 60 кәсіпорнында 1821 қызметкерге жалақы бойынша 1,24 млрд теңге көлемінде берешегі бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Жұмыскерлер алдындағы ең көп берешек Абай облысында – 218,7 млн теңге, Жетісу облысында – 22,9 млн теңге және Астана қаласында – 19,3 млн теңге. Жыл басынан бері жергілікті еңбек инспекциясы органдарының көмегімен жалақы бойынша 4,1 млрд теңгеге жуық берешек төленді, сол арқылы 16,4 мың қызметкердің құқықтары қорғалды", – деді комитет төрағасы.

Спикердің айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілген. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу