Сотталғандар Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына жалған құжаттар мен мәліметтер ұсынып, соның негізінде шетел азаматтарына заңсыз түрде тұрақты тұруға рұқсат берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Олар бұл заңсыз әрекеті үшін мүдделі тұлғалардан ақшалай сыйақы алып отырған. Сот отырысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық мойындады. Барлық мән-жайды ескере отырып, сот оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп жазылған хабарламада.
Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың ресей рублі өндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу